Песков Путиннің қашан тікелей эфир өткізетінің айтты

02 маусым 2022, 10:33

Былтыр 30 маусымда Владимир Путинмен тікелей байланыс болған, кейін 3 сағат 42 минут ішінде ол 68 сұраққа жауап беріп үлгерген, барлығы 2 миллионнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей байланыс Санкт-Петербург экономикалық форумынан кейін болады, бірақ нақты күндері әзірге жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Тікелей эфир ПМЭФ өткеннен кейін өтеді. Әзірге бізде нақты күн белгіленген жоқ. Анықтау керек. Бірақ алдағы уақытта міндетті түрде өтеді, - деді Дмитрий Песков.