Полиция заңға сәйкес қатаң әрекет етеді – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Дауыс берген соң Президент БАҚ-тың сұрағына жауап берді. 
Мемлекет басшысы қазақстандық полиция да заңға сәйкес қатаң режимде жұмыс істейтінін айтты. 
Наразылық көңіл-күйі әлемнің барлық елінде бар. Полиция заңға сәйкес қатаң әрекет етеді. Оларға қатысты ешқандай репрессивті шаралар қабылданбайды, - деді Президент. 
Сондай-ақ, Президент журналистің қойған сауалына қатысты сайлаушыларды сайлау учаскелерінен шығарып жіберу туралы ақпарат келмегенін айтты.
Мұндай ақпарат келген жоқ. Оны анықтаймыз, - деді Тоқаев.  
Айта кетейік, Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.