Польша СІМ басшысының орынбасары Шимон Шинковский жақын арада елге ресейлік энергия ресурстарын импорттауға эмбарго енгізілетінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Berliner Zeitung сұхбатына сілтеме жасай отырып.
Шимон Шинковский Польша Еуропалық одақ осындай шешім қабылдамаса да, Ресейден газ бен көмір жеткізуге тыйым салатынын айтты.
«Біз өзіміздңі импортты тоқтатамыз. Бірнеше ай бойы жақсы үлгі көрсетіп, басқа елдерді де солай етуге шақырамыз», - деді ол.
Сонымен бірге, саясаткер Польшаның мұндай қадамы Ресей экономикасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты және «тек Еуропа мемлекеттерінің бірлескен шешімінің маңызы зор болатынын» қосты.
Кейінірек Мемлекеттік Думаның депутаты Михаил Шеремет ЕО-ға кіретін елдердің «жағымсыз әрекеттері» мен «Ресейге қарсы қорлау саясатына» жауап ретінде Еуропалық Одаққа газ жеткізуді уақытша тоқтатуды ұсынды.
31 Наурызда Путин «дос емес» елдермен газ саудасын тек рубльмен есеп айырысу туралы жарлыққа қол қойған. Жаңа ережелер 1 сәуірден бастап күшіне енді. Оларға сәйкес Батыс мемлекеттеріне Ресей Федерациясынан газ сатып алу үшін Ресей банкінде рубль шотын ашу қажет болады.