Саяси сахна

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады

  • Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады

    Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндалды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, оның ішінде, волонтерлік қозғалысты және экологиялық ағарту шараларын одан әрі дамытуға, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атқарылатын іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты бұған дейін берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Президентке «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңнамаларға енгізілген жаңа түзетулердің жүзеге асырылу барысы туралы айтылды.

Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының қоғамдық бақылау, волонтерлік және қайырымдылық қызмет туралы жаңа заң жобаларын әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады.

Кездесу соңында Президент министрлікке бірқатар нақты міндет жүктеді.




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30