Президент Алматыға келді

31 мамыр 2022, 12:49

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Tengrinews.kz