Саяси сахна

Президент Ауғанстандағы этникалық қазақтарға көмек беруді тапсырды

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы этникалық қазақтарға барынша көмек беруді тапсырды. Бұл туралы сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп жазады azattyq-ruhy.kz тілшісі.

 

«Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтінішіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қажет болған жағдайда тарихи отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды», - деді Смадияров арнайы БАҚ өкілдері үшін брифингте.

 

 

СІМ реми өкілі Ауғанстанда мыңдаған қазақ бар деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Ауған территориясында 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы тұрады.

 

«Бізде бар мәліметтерге сәйкес, Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы тұрады. Ол шамамен 200 адам. Ал кейбір қазақстандық БАҚ ауған жерінде бірнеше мың қазақтың тұратыны туралы тексерілмеген ақпарат таратты. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.

Соңғы кезде елшілікке өздерін «қазақпыз» деп таныстыратын түрлі топтар келе бастаған. Бірақ еш дәлелі жоқ. Тіпті, қазақ тілінде де сөйлей алмайды. Ведомство бұл ретте мұқият тексеріс жүргізіледі», - деді СІМ ресми өкілі. 

 

Еске салайық, бүгін Ауғанстаннан Қазақстанның 25 азаматы ұшып келді. Алматыға қонған ұшақ бортында Қырғызстанның 14 азаматы және Ресей мен Литваның бір-бір азаматы болған.

 

 

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 19:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31