Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады

05 сәуір 2022, 18:18

Мемлекет басшысына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайы және 2022 жылға арналған міндеттер, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы реформалау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресими сайтына сілтеме жасап.

Ербол Қарашөкеев Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, фермерлердің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындығы туралы хабардар етті. Ведомство шаруалардың жанар-жағармай, тыңайтқыш, тұқым қорларымен қамтамасыз етілгендерін және техникалардың дайындығын қайта тексерді. Президент осы бағыттағы қаржыландыру көлемін 2 есе ұлғайту туралы шешім қабылдады. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта шаруашылықтар көктемгі егіс науқанына толық дайын.

 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешені мен ветеринария саласына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту үдерістерімен танысты.

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауарларды жаңа нарықтарға шығару, аграрлық ғылымды дамыту, көктемгі егісті сапалы жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ жерді тиімді пайдалану үдерісіне және пайдаланылмайтын жерлерді қайтаруға бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.