Саяси сахна

Президент азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды

  • Президент азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды

    Президент азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Президентке Қазақстандағы биржа саудасының дамуы, құрылыс материалдары, тұрғын үй, жанар-жағар май нарықтарындағы бағаға қатысты ахуал, сондай-ақ, кірме жолдар нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде мәлімет берілді. Серік Жұманғарин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік және жеке операторлардың қызметіне жүргізілген талдау жөніндегі тапсырмасының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған қазіргі құрылымдарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарын айтты. Болжам бойынша олар 3,5 миллиард теңге экономикалық пайда әкеледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысына фармацевтика, автожолдар құрылысы нарықтарындағы, денсаулық сақтау саласындағы монополияға қарсы әрекет ету шаралары туралы айтылды. Салалық ведомствоның жетекшісі Президентке бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін шектеулерді жою үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қабылдап жатқан шаралар, Ұлттық жоба және бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік және басқа да тауарлардың бағасын төмендету жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі азық-түлік өндірісі көлемін ұлғайту, отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына қолдау көрсету қажет деп санайды.
inform.kz




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31