Саяси сахна

Президент бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңға қатысты пікір білдірді

  • http://kerbulaq.kz/

    http://kerbulaq.kz/

Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бүгінгі отырысқа дейін атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі бар. Бірер күн бұрын мен Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі - бұдан бұлай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады», - деді Мемлекет басшысы.

 

ҚР Президенті осы Заң қоғамдық-саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан ары дамытуға зор үлес қосады деп ойлайтындығын баса айтты.

 

«Депутаттарға заң жобасын егжей-тегжейлі қарастырғаны үшін алғыс айтамын. Бірлесе атқарылған жұмыстың мән-маңызы зор. Жаңа заң - азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.

 




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31