Президент екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатына қатысты заңға қол қойды

31 желтоқсан 2021, 22:35

Мемлекет басшысы екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

 

 

BAQ.KZ