Саяси сахна

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

  • https://www.akorda.kz/

    https://www.akorda.kz/

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды күшейту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

 

Жанат Элимановтың айтуынша, жыл басынан бері сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген, оның екеуі трансұлттық топ. Сондай-ақ ол бюджет қаржысын жымқыру деректері бойынша 14 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген 125 қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

 

Президентке Агенттіктің қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Ведомство басшысының айтуынша, бүгінгі таңда күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған.

 

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне  жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Жанат Элиманов 2020 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген экономикалық қылмыстардың саны өткен жылдармен салыстырғанда алты есеге азайғанын айтты. Қылмыстық істерді тексеру бойынша кәсіпкерлерді тергеуге шақырулардың саны екі есеге, ал тергеп-тексеру мерзімі 40 пайызға қысқарған.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

 

Кездесу соңында Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

akorda.kz




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 16:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31