Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

26 ақпан 2022, 17:37

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

 

Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.