Саяси сахна

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесу өткізді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстанмен ынтымақтастық Ресей Федерациясымен арадағы кешенді іс-қимылдардың ішіндегі ең маңыздысы саналатынын атап өтті.

 

 

Мемлекет басшысы Татарстан Президентінің жақында Қарағанды облысына жасаған сапарын жоғары бағалады. Сол сапар кезінде Саран қаласында дөңгелек шығаратын зауыт іске қосылған болатын.

 

– Біз бұл кәсіпорынға үлкен үміт артып отырмыз. Қазақстандықтардың үлкен бір тобына Татарстанда білім алуға мүмкіндік жасағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен мұны бұдан кейін де жалғасы болатын нақты жоба деп білемін. Біздің нарықта «Татнефть» компаниясынан басқа, «КамАЗ» кәсіпорнымен бірлескен жобаларымыз да бар, – деді Қазақстан Президенті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта беруге бейілді екенін жеткізді.

 

– Біз татар мәдениетін өте жақсы білеміз және құрметтейміз. Сіздердің мәдениеттеріңіз біздің елде кеңінен танымал. Таяу уақытта, пандемия біткеннен кейін Қазақстанда Татарстан мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізуге келісеміз деп ойлаймын. Біз бұл іс-шараның табысты өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа Нұр-Сұлтан қаласынан татар халқының көрнекті өкілі, айтулы ақын Ғабдолла Тоқайдың атына бір көше берілетіні жайында айтты. Бұл екі халық арасындағы ынтымақтастықтың жарқын белгісінің бірі болмақ.

 

Өз кезегінде Татарстан Президенті Қазақстанға жасаған кезекті сапарының табысты өткеніне ризашылығын білдірді.

 

– Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары аясында Татарстан көптеген жобаларды іске асырып жатыр. Екіжақты байланыстардың іргетасы берік. Біздің Тұңғыш Президентіміз Минтемір Шарипович Шаймиев Сізге дұғай сәлем айтып жатыр. Оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен байланысының арқасында өзара қарым-қатынасымыздың негізі мықты қаланған, – деді Рустам Минниханов.

 

 

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, энергетикалық кооперацияларды одан әрі нығайту, сондай-ақ, коронавирус пандемиясымен бірлесіп күресу мәселелерін талқылады.

 

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 18:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31