Саяси сахна

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысына көңілі толатынын айтып, ҰҚШҰ бойынша одақтастарына террористік акті кезінде қолдағаны және Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

 

 

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Бас хатшысының жеке өзінің және Хатшылықтың барлық қызметкері мен ҰҚШҰ-ның Біріккен штабының еліміздегі бітімгерлік миссиясын ұйымдастыру жөніндегі күш-жігеріне қосқан үлесін атап өтті.

 

 

– Аталған жағдай Ұйымның әскери-саяси құрылым ретіндегі маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазір Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы туралы халықаралық қоғамдастықта әңгіме болып жатыр деп ойлаймын. Ұйымның тиімділігі қазіргі жағдайда мейлінше айқын көрінді. Сондықтан келешекте ҰҚШҰ өзін пайдалы құрылым ретінде танытады деп пайымдаймын. Хатшылық өзге халықаралық ұйымдардың басшылығымен арадағы ықпалдастықты жолға қоюы керек деп ойлаймын. Бұл өте пайдалы болады.  ҰҚШҰ Бас хатшысының Бітімгерлік операциялар жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру да өте дұрыс болады деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясының орындалу барысы, оның ішінде Қазақстан Президенті белгілеген мерзім ішінде Ұйымға мүше мемлекеттер контингенттерін елімізден шығаруға дайын екені туралы ақпарат берді.

 

 

Станислав Зась та Қазақстан Президенті ұсынған ҰҚШҰ Бас хатшысының  бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру жөніндегі бастаманы жүзеге асырудың уақтылы әрі маңызды екенін құптады.

 

 

 

 

akorda.kz

 

 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.01.2022, 19:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31