Саяси сахна

Президент Қазақстан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде жасаған қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берілді. Наурызбай қажы Тағанұлы індет кезінде мүфтият тарапынан ауруханаларға жасанды тыныс алу, оттегі аппараттары мен медициналық құрал-жабдықтар, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмектер, мешіттердің жанындағы тігін цехтарында тігілген бетперделер мен қорғаныс киімдерінің тегін таратылғанын атап өтті.

 

Сонымен қатар «Ел үлесі &ndash пәтерде» акциясы аясында 314 баспана берілгенін айтты. Бұдан бөлек имамдардың білімін көтеру, кадр даярлау мәселелері жайында баяндады.

 

Наурызбай қажы Тағанұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мүфтият алдағы уақытта «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау жұмыстарымен айналысатынын жеткізді.

 

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы жоспарлары туралы да сөз болды. Атап айтқанда, Ислам академиясын құру, Ислам және теология кітапханасын салу, еліміздегі мешіттердің архитектурасын қазақы салт-санаға сай қалыптастыру мәселелері айтылды.

 

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

 

akorda.kz




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 15:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31