Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Президент пәтер кілтін табыс етті

27 қаңтар 2011, 19:20

«Ел ордасы еліміздің азаматтары үшін жанға жайлы әрі қауіпсіз қала болуға тиіс. Дүниежүзілік дағдарыстың салқынынан туындап жатқан қиыншылықтарға қарамастан, мемлекет қаржы бөліп, халықты үймен қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп отыр». Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімдігінде өткен жиында елорда тұрғындарына пәтер кілтін тапсыру рәсімінде осылай деді.
Үйлі болғандардың арасында 1989 жылдан бері Тұрғын үй басқармасында кезекте тұрғандар да бар екен. Осылайша жиырма жыл бойы үй кезегін сарыла күткен елуден астам құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері мен әлеуметтік жа­ғынан көмекке зәру жандар, көпбалалы отба­сылар және соғыс ардагерлері үйлі бол­ды. Сал­танатты шара барысында Ас­тана қалалық ішкі істер департаментінің қыз­меткері, самбодан екі дүркін әлем чем­­пионы Талғат Қожабаев, Ауған со­ғысының ардагері Вячеслав Жантеміров және өрт сөндіруші Руслан Елшібаев пен бес баланың анасы Әмина Қиловалар пәтер кілтін Мемлекет басшысының өз қолынан алды.
«Сәулетті Астанадан пәтер алу – үл­кен қуаныш. Қоныс тойларыңыз құт­ты болсын! Үйлеріңіздің іші де, сырты да қуанышқа толуына тілектестік білді­ремін», – деп атап өтті Президент Н.Назарбаев. «Қалай де­генімізбен, бү­гін­гі күні құқық қорғау жүйесі қылмыс деген қатермен бетпе-бет келіп отыр. Сіздер еліміз азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғайсыз­дар. Мен барлық аза­маттары үшін Астананың қауіпсіз және қолайлы болуы туралы шарт қойдым», – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пәтер иелерін Жеңістің 64 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар ол жаһанды дүр сілкінтіп отырған дағдарыс дауылы­нан шайқалмай, үлкен жеңістермен өтетінімізге сенім білдірді.
Бүгінде Елбасының тапсырмасы бо­йын­ша Ас­танада құрылыс компа­ния­ла­ры­на қолдау көрсеті­ліп, құрылысы аяқтал­маған нысандардан 6 203 пәтер сатып алу бағдарламасы іске асырылып жа­тыр. Са­тып алынған пәтерлердің бір бөлігі мем­лекеттік қызметкерлерге берілсе, қалған  4 203 пәтер қалалық коммуналдық мен­шік­ке өткізіледі. Сон­дай-ақ осы жылы тұр­ғын үйлерді жалға беру шарасы аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр.
Биылғы мамырдың 1-індегі мәлімет бойынша, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін 13 915 отбасы кезекте тұр екен. Олардың 6 614-і әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған адамдар болса, қалған 7 301-і – мемлекеттік қызметкерлер.