Саяси сахна

Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады

  • Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады

    Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың мәжіліске өту шегін бес процентке дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Прзидент аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырып, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

 

"Саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді. Мұндай бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев VII шақырылымдағы парламент сессиясында.

 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы партия мүшелерінің тізімін және оған қатысты барлық рәсімдерді онлайн форматта жүргізу қажеттігін жеткізді.

 

"Осы мақсатта электронды үкіметті барынша пайдалану қажет", - деді ол.

 

Айта кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтті: Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясы.

 

"Nur Otan" партиясы - 71,09%;

 

"Ақ жол" демократиялық партиясы - 10,95%;

 

Қазақстанның халық партиясы - 9,10%;

 

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 5,29%;

 

"Адал" саяси партиясы - 3,57%.

 

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттары сайлауының соңғы қорытындысы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқасы келіп түскеннен кейін жарияланады.

 

Айта кетсек, сайлаушылардың 7 процентінен астам даусын жинаған саяси партиялар мәжіліске өтеді.

 

Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізім бойынша сайланады.

 

Ал тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан келеді. 11 қаңтарда парламент мәжілісінің VII шақырылымына ҚХА-дан сайланған депутаттардың есімі белгілі болды.

 

 

 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31