Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Президент сайлауы: ЖСДП өз кандидатын ұсынды

02 қазан 2022, 09:36

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін кезектен тыс съезде делегаттар Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.

 

"Съезд Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер ретінде Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты таңдау туралы шешім қабылдады", - деді партия төрағасы Асхат Рақымжанов.

 

Партия өз тарихында алғаш рет президент сайлауына үміткер ұсынып отыр.

 

Жаңа кандидат туралы не білеміз

 

Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Түркістан облысында туған. Партияның астаналық филилын басқарады. Жоғары білімі бар, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған. Ұзақ жылдар бойы әкімдіктерде түрлі лауазымдарды атқарды.

 

ЖСДП – Қазақстандағы оппозициялық саяси партия. 2006 жылы 10 қыркүйекте құрылған.

 

Еске салсақ, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.