Саяси сахна

Президент сайлауына түсетін кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі

  • Президент сайлауына түсетін кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі

    Президент сайлауына түсетін кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі

Қазақстан президенттігіне ұсынылатын кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева. Бұл жөнінде Sputniknews.kz хабарлайды.


Министр орынбасарының айтуынша, жүйке ауруына шалдыққан адамның ойлау жүйесінде, есте сақтау қабілетінде кемістік болады және өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіруі мүмкін.


Психикалық дерттердің тізімі: кофеин, кокаин, галлюциногендер, ұшпалы еріткіштер және басқа стимуляторларды пайдалану салдарынан психика мен мінез-құлықтағы өзгерістер, шизофренияның әртүрлі формалары, тұлға ретінде бұзылу және басқалары.


"Жалпы айтқанда, бұл аурулар сандырақтау, галлюцинация, ақыл-ой және есте сақтау қабілетіндегі кемістікпен байланысты. Диагноз қоюда тұқым қуалау факторы да ескерілуі мүмкін, бірақ диагноз қойғанда дәрігер науқаста байқалған белгілерге сүйенеді", - деп хабарлады вице-министр.


Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережелерге сәйкес сайлауға түскісі келетін барлық кандидат міндетті медициналық куәландырудан өтеді.


Қазақстандағы президент сайлауы


Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, 28 сәуірге дейін созылады. Кандидаттар 11 мамырға дейін тіркеледі. Әр кандидат қолдау ретінде 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.04.2019, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31