Саяси сахна

Президент «СИБУР Холдинг» компаниясының басқарма төрағасы Дмитрий Коновты қабылдады

  • © akorda.kz/

    © akorda.kz/

Мемлекет басшысы көмірсутегін сапалы өңдеу ісі бүгінде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

 

Президент полипропилен және полиэтилен өндірісі жөніндегі жобаларға қатысты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуын құптады. Бұл жобаларды «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» компаниялары жүзеге асырып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған келісімді Қазақстан мен Ресейдің серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп санайды.

 

– Серіктестігіміздің басталғанына қуаныштымыз. Сіздер мұнай-химия кешенінің құрылысына қатысты мәселелермен бірлесіп айналысасыздар. Қазақстан Үкіметі менің тапсырмам бойынша жобаларды іске асыруға жан-жақты көмек көрсетеді. Біз іс жүзінде нақты нәтижеге қол жеткізуге тиіспіз. Жуырда өткен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумында Владимир Путин екеуміз екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастық мәселелерін мұқият зерделеуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге келістік, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

«СИБУР Холдинг» компаниясының басшысы Дмитрий Конов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың перспективалары мен Ресейдегі біріккен ірі мұнай-газ компаниясының даму жоспары туралы айтты.

 

– Бүгінде Қазақстанда полипропилен өндіру жобасы бойынша жақсы база қалыптасқан. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі кезеңде кадрларды даярлауға көмектесудің тиімділігін көріп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды бастап та кеттік.  «ҚазМұнайГаз» компаниясының 100-ге жуық қызметкері дайындықтан өтті, бұл жұмысты жалғастыра береміз, – деді Дмитрий Конов.

 

 

Оның айтуынша, «Сибур» компаниясы мұнай-газ химиясы саласындағы басқа да жобаларға қатысуға дайын.

 

 

 

 

akorda.kz

 

 

 




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 18:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31