Президент Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты

20 желтоқсан 2021, 11:59

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтен кеткен Цойға алғыс айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді", - деп ждазды Берік Уәли.

Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Алексей Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.