Саяси сахна

Президент Вагит Алекперовпен мұнай мәселесін талқылады

  • Президент Вагит Алекперовпен мұнай мәселесін талқылады

    Президент Вагит Алекперовпен мұнай мәселесін талқылады

Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстары мен еліміздің көмірсутегі секторында жүзеге асырылып жатқан бірқатар бірлескен жобалардың перспективасы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорда  хабарлады.
Президентке компанияның Каспий теңізі қайраңындағы «Жеңіс» және «Әл-Фараби» мұнай жобаларындағы геологиялық барлау жұмыстарының барысы туралы айтылды. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр Алматы облысында іске қосылған «ЛУКОЙЛ» зауытының жұмысы туралы баяндалды. Компания басшысының айтуынша, бүгінде зауыт әртүрлі жағармай материалдарының 800-ге жуық түрін өндіріп, өңірдегі елдерге экспорттайды.

Сонымен қатар Вагит Алекперов Мемлекет басшысына әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен баға белгілеудің перспективасына қатысты «ЛУКОЙЛ» компаниясының ұстанымы туралы айтты.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік компанияның әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға атсалысып отырғанын ерекше атап өтіп, оның Қазақстан мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 14:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31