Саяси сахна

Президентке мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту мәселесі баяндалды

  • Президентке мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту мәселесі баяндалды

    Президентке мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту мәселесі баяндалды

Анар Жайылғанованың айтуынша, цифрлық шешімдерді жүзеге асыру – қағаз құжат айналымынан толық арылу мен өнімсіз жұмыстарды азайтуға, құжаттар санын қысқартыуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуы жайында жан-жақты есеп берілді.

Мемлекет басшысына мемлекеттік қызметшілердің санын қысқартуға, факторлы-баллдық шкала енгізуге қатысты жұмыстардың барысы туралы баяндалды.

Агенттік төрағасының айтуынша, ФБШ-ға көшу жөніндегі пилоттық жобаға жасалған талдау мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырып, кадр тұрақтылығына оң динамика берген.

"Атап айтқанда, ФБШ енгізілгелі бері бір бос орынға үміткерлер саны орташа есеппен 2,6 есеге өскен. Мемлекет басшысы факторлы-баллдық шкала енгізуге функционалдық талдау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты", – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз білім алу жүйесі мен келісім-шарт бойынша қызметке алу институтын енгізу жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында кадрлық процестерді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы ретте Анар Жайылғанова цифрлық шешімдерді жүзеге асыру қағаз құжат айналымынан толық арылуға, күнделікті өнбейтін жұмыстарды 53 пайызға азайтуға, құжаттар санын 83 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретіні туралы айтылды.

Президент мемлекеттік қызмет жүйесін цифрландыруды одан әрі жалғастыра берудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында мемлекет басшысы агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210601/17222689/Prezident-memlekettik-qyzmetshiler.html




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 01:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31