Саяси сахна

Президентке Шөкеев есеп берді

  • Президентке Шөкеев есеп берді

    Президентке Шөкеев есеп берді

Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты қабылданған шаралар, өңірдегі коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өмірзақ Шөкеев облыста ковид-менеджмент бойынша жүйелі жұмыс жасалғанын, санитарлық-эпидемиялық тәртіптің қатаң сақталғанын, халыққа екпе егу ісінің қарқынды жүріп жатқанын айтты. Жалпы Түркістан облысы бойынша 1 миллион адамға екпе егілуі керек болса, бүгінде 200 мың адамға вакцина салынған. Аймақтағы жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, қажетті құралдармен жабдықталған. Өңір басшысының айтуынша, қазір облыс «жасыл аймақта», соған сәйкес кейбір шектеулер алынып жатыр.

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толады. Мемлекет басшысына осы аралықта атқарылған жұмыстар мен өңірдегі өзгерістер туралы айтылды. Өмірзақ Шөкеев облыстың жалпы ішкі өнімі 41 пайызға өскенін, инвестиция 2,4 есе артқанын, құрылыс саласында ірі жобалар іске асқанын, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес бойынша оң көрсеткіш бар екенін атап өтті.


Облыс әкімі Түркістан қаласында қолға алынған жұмыстар жөнінде бөлек баяндады. Қалада 250-ден астам жоба жүзеге асырылған. Түркістанға 445 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев алдағы уақытта атқарылатын жобалар туралы да мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Үкіметпен бірлесіп Түркістан облысын дамытудың 2018 – 2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын қайта жаңартуды тапсырды.




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 13:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31