Саяси сахна

Президентке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық барысы баяндалды

  • Президентке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық барысы баяндалды

    Президентке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық барысы баяндалды

Мемлекет басшысы мəдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы sputnik.kz-ға сілтеме жасап.

Министр президентке мəдениет, спорт, туризм, архив, кинематография салаларында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар биыл өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын және өзге де атаулы мерейтойлық даталарды атап өтуге байланысты жасалатын жұмыстар жайы баяндалды.

Шəкен Айманов атындағы "Қазақфильм" студиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жұмысы, "Кинематография туралы" заңға енгізілетін толықтырулар сөз болды.

Мәдениет және спорт министрі мемлекет басшысына Токио Олимпиадасына дайындық жұмысы, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу бойынша мəлімет берді.

 
Ақтоты Райымқұлова пандемия кезінде ішкі туризмге сұраныстың арта түскенін жеткізді. Саланы ынталандырудың тиімді тетіктерінің бірі &ndash балалардың демалыс орындарына ұшақпен баруын субсидиялау екенін, осыған қатысты тиісті түзету "Туризм қызметі туралы" заң жобасына енгізіліп, республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоты Райымқұловаға идеологиялық, тәрбиелік маңызы зор жұмыстарды, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, цифрландыру бойынша қолға алынған бастамаларды сапалы жалғастыру, министрліктің онлайн жобаларын жандандыру жөнінде тапсырма берді.


kaz.caravan.kz




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 16:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30