Саяси сахна

Президентті шет мемлекет басшылары Рамазан айының басталуымен құттықтады

  • Президентті шет мемлекет басшылары Рамазан айының басталуымен құттықтады

    Президентті шет мемлекет басшылары Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

«Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін», – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан Президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ, бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания Королі II Абдалла, Оман Сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт Әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко Королі VI Мұхаммед, Египет Президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак Президенті Бархам Салех, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Қатар Шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

sn.kz




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

сенбі, 17.04.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31