Саяси сахна

Президенттік кадрлық жастар резервіне ең мықты 300 адам ғана алынады

  • Президенттік кадрлық жастар резервіне ең мықты 300 адам ғана алынады

    Президенттік кадрлық жастар резервіне ең мықты 300 адам ғана алынады

 «Көп адам хабарласып, менің балам, менің қызым деп жатты». Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова өзіне көп адам хабарласып, бауыр еті баласын Президенттік жастар кадрлық резервіне өткізуге көмек сұрағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Атап өту керек, қазір Президенттік кадрлық жастар резервіне іріктеудің «әлеуетті бағалау» кезеңі өтіп жатыр. Оған қатысып жзатқан 549 үміткерден ең мықты деген 300-і ғана таңдап алынбақ.


Бекжан Әлімқұлов – жас та болса, табысты кәсіпкер. Бетон өнімдерін шығарумен айналысатын зауыттың директоры бизнесті былай қойып, мемлекеттік қызметке ауыспақ ойда. Кәсіпте жеткен жетістігім жетерлік дейді. Енді Қазақстанның өндіріс саласын дамытқысы келетінін жеткізді.


«Өндіріс саласында Қазақстанның үлкен потенциалы бар деп есептеймін. Өйткені бәріңізге белгілі экспорттап жатқан шикізат дүниеміз импорттап жатқан шикізатымыздан, дайын өнімнен неше есе артық екенін. Ал енді қазір өндірісті әрмен қарай дамытатын болсақ, шетелге шикізатты емес, дайын өнімді ұсынатын болсақ, елімізде одан көбірек ақша қалатын болады деп есептеймін», – деді кәсіпкер Бекжан ӘЛІМҚҰЛОВ.


Үміткермен сұхбаттасқан көп журналисті жас бизнесменнің кәсіпті тастап, мемлекеттік қызметке неліктен ұмтылғаны қызықтырды. Бұл реттегі сұрақты өзіне ғана емес, тіпті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымына жолдады. Кәсіпкерлердің әдейі мемлекеттік қызметке өтіп, өз кәсібіне қамқоршылық танытпай ма деген сауалына Анар Жайылғанова былай деп жауап берді.


"Бұл – әр үміткердің қалауы. Конституция бойынша ешкімнің құқығын шектей алмаймыз. «Сен бизнес саласында жұмыс істейсің, қатыса алмайсың» дей алмаймыз ғой. Өйткен жағдайда бізді сотқа да беруі мүмкін», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы сондай-ақ, бүгінде лауазымды қызметтерде жүрген азаматтардың іріктеуден өткеніне байланысты ойын да білдірді. Осы ретте шараның мөлдір әрі объективті өтіп жатқанын алға тартты. Ешкімге қамқоршылық болмағанын айтады.


«Егер біз біреуге көмектескіміз келсе, мүлдем басқа пішінде жасаушы едік. Бұрынғыдай келді, байқаудан өтті, біреуге хабарласты дегендей. Мұнда бұған толықтай тыйым салынған. Бәрі ашық, онлайн форматта ұйымдастырылуда. Маған көптеген адамдар хабарласып, менің баламды, менің қызымды Президенттік жастар кадрлық резервіне өткізуге көмектес деп жатты. Мен бұл мүмкін емес деп бірден айтып жаттым. Іріктеудің басты қағидалары мөлдірлілік, объективтілік деп жеткіздім. Олар заңдарды жаттап алып, өтіп кетеді деп ойлады», – деді – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА.


Ең соңғы іріктеу желтоқсан айында тәмәмдалады. Сонда Президенттік жастар кадрлық резервінің нақты тізімі белгілі болмақ. Аталған қор кадрлар мәселесін ұтымды шешіп қана қоймай, жаңа жас басқарушылардың әлеуетін пайдалануға мүмкіндік бермек.


Almaty.tv


 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 17:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30