Саяси сахна

Президенттің баспасөз хатшысы: Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ

  • Президенттің баспасөз хатшысы: Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ

    Президенттің баспасөз хатшысы: Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ

Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ, олар біздің жеріміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындайды. Бүгін мемлекет басшысының Қытайға сапарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.


Президенттің баспасөз хатшысы Қытайдың мемлекетімізде өз идеологиясын, саясатын жүргізу туралы пиғылы жоқ екенін айтты. Берік Уәлидің пікірінше, Қытай бізге технологиялар мен инновацияларды енгізуге көмектесе алады.


«Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ, олар біздің жеріміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындайды. Олар Қазақстанға тек стратегиялық серіктес ретінде қарайды. Қытайдың басты мақсаты – сауда-саттықты жүзеге асыру және осы арқылы пайда табу. Олардың басты мақсаты – әлемнің бүкіл мемлекетімен сауда-саттық жүргізу», - дейді Берік Уәли.


Сонымен қатар ол Қытаймен стратегиялық серіктестікті қалыптастыру керегін атап өтті. Технология мен экономикасы дамыған көршілес елмен араласпау дұрыс болмас еді, дейді ол.


«Қазақстан Ресей және Қытаймен шекаралас. Бүгінде шекараның ұзындығы 1 782 шақырымды құрайды. Қытай көршілес ел болғандықтан, араласпағанымыз дұрыс болмас еді. Сондықтан бұл мемлекетпен стратегиялық серіктестікті қалыптастыру керек. Мойындау керек, Қытайда технология мен экономика дамыған. Мұндай дамыған көршілес елмен араласпау дұрыс болмас еді», - дейді президенттің баспасөз хатшысы.




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 18:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31