Саяси сахна

"Протонға" тыйым салу керек пе?

  • "Протонға" тыйым салу керек пе?

Кеше түнде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқан «Протон» ресейлік зымыраны кезекті рет құлады. Отандық мамандар бұл жайт алдында тура осындай қателік жасап, салдарынан қоршаған ортаға келген шығындарды өтеу жағын әлі күнге шешпеген ресейлік тараптың Қазақстан алдындағы борыштары мәселесін жан-жақты талқылап, біржақты етуге негіз деп санайды. Өйтпеген жағдайда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымырандарын ұшуға тыйым салу керек» дейді сарапшылар.

Бұл жолы ресейлік зымыран тасығыш Қазақстаннан жырақта құлаған көрінеді-мыс. Осындай дүдамал ақпарат Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырған. Сөзбе-сөз келтіре келтелік, «РИА Новости» агенттігіне сұхбат беруші «Протон» зымыран тасығышы Қазақстаннан тыс территорияда Алтай өңірі немесе Тынық мұхит акватория маңында құлауы мүмкін. «Сонда қалай? Зымыран көкке көтерілгенде жүздеген маман мониторда оның ұшу траекториясын бақылап отырады. Енді олар оның нақты қайда құлағынын білмейтінін айтады. Алтайдан Тынық мұхит аралығы деп дүдамал ақпарат таратады. Елді ақымақ санай ма? Ауруын жасырған өледі» деп жазады бүгін «Закон.кз» сайтында шыққан осы тақырыпқа сәйкес ақпараттың талқысында бір пікір білдіруші.

Сол секілді ғаламтордағы ақпаратты талқылаушылар «Алтай қайда, Тынық мұхит қайда» десіп, екеуінің арасынан логикалық байланыс таппаған. Бұл тақырып айналасында «басқа-басқа емес, «Протонның» құлауы осы технологияның ескіргенін немесе оның жетілдірілмегенін байқатса керек, мүмкін одан бас тартатын уақыт жеткен шығар» деген ой салар бір пікір де бар.

Сөйткен интернеттегі оқырмандарымыз Ресей өзіне еш ұнамайтын «Байқоңыр» маңайындағы мәселені Қазақстан талап ете бастамаса дейтін шығар деген ойға келеді. Мұнымен отандық сарапшылар да келіседі.

Уәлихан Төлешов, саясаттанушы:

– «Байқоңыр» ғарыш айлағында жиі апат болып жатыр. Оның бірін білеміз, бірін білмейміз. Қоршаған ортаға келген зиян ертең ұрпақтарымызды «өшіреді». Сондықтан бұған мемлекеттік маңыз беретін уақыт әлдеқашан жетті. Тәуелсіз ел боп тұрып Конституциядағы құқықтармен Байқоңырдағы жерлестерімізді қамтамасыз ете алмаймыз. Мұның барлығы қазіргі өркениетті әлемде масқара нәрсе. Осының барлығын халықаралық заң аясында шешіп алуымыз керек. Әрине, қос тараптың өзара ымыра талқылаулары, қабылданған құқықтық құжаттар арқылы оған қол жеткізуіміз тиіс. «Тама, тама тамшы тас теседі» демекші, бұл мәселені осы тақырып аясында орын алған кез келген жайтты, фактіні ілік етіп, көтере беруіміз керек. Қазақ қоғамынан бастап, билігіне дейін. Сонда бір нәтиже шығуы керек деп санаймын.


Керек дерек

Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап жалдап, жылына 115 миллион доллар төлеп, 2050 жылға дейін толық пайдалануға рұқсат алған. Соңғы кездері екі ел Байқоңырға байланысты бірнеше рет келіспей қалып, қосымша келіссөздер өткізген. 2013 жылы қаңтар айында Қазақстан үкіметі «биыл Ресейдің пайда табу мақсатында ұшыратын «Протон-М» зымырандарын азайтамыз» деп мәлімдеген еді. Ресей ғарышқа 17 зымыран ұшыруды жоспарласа, Қазақстан солардың 12-сіне ғана рұқсат беретінін айтқан.




Көрілген: 1023    Пікірлер: 0

жұма, 16.05.2014, 15:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31