Путин Донецк пен Луганск республикаларын тәуелсіз деп тануға мәжбүр болғанын мәлімдеді

27 сәуір 2022, 15:57

Ресей геноцидті тоқтату үшін Донецк және Луганск халықтық Республикаларын тәуелсіз деп таныпты. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутеррешпен болған кездесуде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Киевтегі билік жария түрде, осыны атап өткім келеді, мемлекеттегі бірінші лауазымды тұлғалардың аузымен жария түрде келісім талаптарын орындауға ниетті емес екендерін айтқаннан кейін, біз сол жерде тұрып жатқан адамдардың геноцидін тоқтату мақсатында, бұл мемлекеттерді тәуелсіз және дербес тануға мәжбүр болдық", - деді Владимир Путин. 

Ол Донбасс халқының азапталуын тоқтату үшін тәуелсіздікті мойындауға мәжбүр болғанын атап өтті. Алайда Путиннің ойынша, Батыс оны елемеуді құп көрді. 

Сондай-ақ, Путин Донецк пен Луганскінің Ресейден әскери көмек сұрағанын атап өтті. Ресей де оларға жауап ретінде арнайы операцияны бастапты. 

Айта кетейік, Путин 24 ақпан күні Донбасста арнайы операция бастайтынын хабарлады.