Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Путин: Қазақстан толық мағынасында орыс тілді ел

23 желтоқсан 2021, 19:16

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына назар аударды деп хабарлайды stan.kz.

 

Владимир Путин орыс тілінің Орталық Азия республикасындағы рөлін жоғары бағалап, ТАСС агенттігінің YouTube арнасындағы жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында тіл мәселесіне ілтипатпен қарағаны үшін Нұр-Сұлтанға алғысын білдірді.

 

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына назар аударды.

 

"Қазақстан сөздің толық мағынасында орыс тілді ел", - деді Путин.

 

Оның айтуынша, мұны орыс тілді мектептер мен ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары санының өсуі дәлелдейді. Путин қазақстандықтардың бұл оқу орындарына түсу үшін жарысып жатқанын атап айтты.

 

Сонымен қатар, ол Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын еске салды. Путин, әсіресе, ғарыш және қорғаныс саласын алға тартты. Ресей президенті қазақстандық ғарыш мамандарының кәсіпқойлығының тереңдеуіне оң көзқараспен қарайды, сондай-ақ Ресей қазірдің өзінде республикаларға қару-жарақты ішкі ресейлік бағамен жеткізіп жатқанын атап өтті.