Саяси сахна

Путин мен Байден қашан және қайда кездесетіні белгілі болды

  • Фото ©REUTERS

    Фото ©REUTERS

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден 16 маусымда Женевада кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің сайтындағы мәлімдемеде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзара уағдаластыққа сәйкес, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 16 маусымда Женевада Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденмен келіссөз жүргізеді. Көшбасшылар өзекті мәселелердің барлық спектрін талқылайды, өйткені АҚШ Ресеймен қатынаста тұрақтылықты қалпына келтіруге тырысады", - делінген хабарламада.

16 маусымда Женевада өтетін президенттер кездесуінің мән-жайы, оның ішінде келіссөз уақыты әлі келісілмеген. Бұл туралы РИА Новостиге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. 


Тараптар стратегиялық тұрақтылық, пандемиямен күрес, халықаралық күн тәртібі және аймақтық қақтығыстар мәселелерін талқылайды.

Бұған дейін БАҚ-та Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің алғашқы кездесуі Швейцарияда өтуі мүмкін екені жазылған болатын.




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 10:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31