Саяси сахна

Путин мен Байденнің кездесуі Қазақстанға қалай әсер етеді? - Сарапшы

  • Фото: ©REUTERS

    Фото: ©REUTERS

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Ерлан Мәдиев Ресей президенті Владимир Путиннің Женевадағы саммитте АҚШ президенті Джозеф Байденмен кездесуіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

16 маусымда Женевада АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі өтті. Бұл бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын аударған оқиға. Кездесу АҚШ пен Ресей арасындағы қатынастарды тұрақтандыру аясында ерекше маңызға ие, деді Ерлан Мәдиев.

 

"Екі ядролық держава арасындағы қарым-қатынас күрделі. Ел басшыларының кездесуі шамамен төрт сағатқа созылғанына қарамастан, екіжақты қарым-қатынасты бірден жаңғырту мүмкін емес екі анық. Осылайша президенттердің әңгімесі екі елдің аудиториясы үшін ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін де маңызды болды", - деді саясаттанушы.

 

 

Сарапшы кездесу қарсаңында Джо Байден G7, НАТО және ЕО әріптестерімен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізгенін айтты. Еуропа мен Азиядағы одақтастарымен сенімді қарым-қатынасты қалпына келтіруге белсенді түрде тырысып жатқан Вашингтондағы жаңа Әкімшілік үшін "одақтық ынтымағын" көрсету және олармен позицияны алдын ала келісу маңызды.

 

Сондай-ақ, кездесу қарсаңында Байден Ресеймен барлық проблемалық мәселелер бойынша: киберқауіпсіздік пен Украинадағы жағдайдан бастап Ресейдегі адам құқықтары мәселелеріне дейін өз позициясыннан бас тартуға ниетті емес екенін нақты айтты.

 

"Сонымен қатар, Мәскеу 10 маусымда Алексей Навальныйдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорын экстремистік ұйым деп танып, оның Ресей Федерациясы аумағындағы қызметіне тыйым салды. Оппозицияның басқа өкілдеріне қысым күшейе түсті. Алайда тағы бір мәселе қызығушылық пен резонанс тудырды. Ол - Вашингтонның серіктестерін Қытайға қарсы жұмылдыру әрекеті", - деді Ерлан Мәдиев.

 

Саясаттанушы көп бақылаушы пікіріне сілтеме жасай отырып, Байденнің еуропалық турындағы басты нүкте Қытай екенін айтты.

 

"Еуропа елдерінең, ең алдымен Германия мен Францияның қолдауын ала алмағанына қарамастан, Вашингтон "Үлкен жетілік" пен НАТО-ның Бейжіңге қатынасын айтарлықтай күшейтті. Мысалы, НАТО-ның қорытынды коммюникесінде Қытай 11 рет айтылған. Бірақ НАТО-ның 2019 жылғы Лондон декларациясында Қытай алғаш рет және тек бір рет айтылған.

Мұның бәрі Қытайдың әлемдік аренадағы ықпалының өсуіне алаңдаушылық тудыратынын көрсетеді. Бұл Батыстың стратегиялық есептеулеріндегі "ресейлік қауіп" артта қалып, Қытай сөзсіз бірінші орынға шығады деген пікірталасқа себеп болды", - деп түсіндірді саясаттанушы.

 

 

Кездесудің нақты нәтижелеріне келетін болсақ, ешқандай серпінді келісімдер немесе шешімдер болған жоқ. Тараптар кездесуден маңызды шешімдер күтпеген.

 

"Путин мен Байденнің кездесуінде жаңалықтар болған жоқ, бірақ оның маңыздылығын елеусіз қалдыруға болмайды. Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуі Мәскеу мен Вашингтонда екіжақты қатынастардағы проблемалар бақылаудан шықпауы керек екенін көрсетеді. Осы тұрғыда екі президенттің кездесуі соңғы жылдары тараптар арасындағы стратегиялық байланысты қалпына келтірудегі маңызды қадам болуы мүмкін", - деп толықтырды саясаттанушы.

 

Алайда екі көшбасшының кездесуі екі елдің басқа серіктестері үшін, оның ішінде Мәскеумен де, Вашингтонмен де тығыз байланыс орнатқан Қазақстан үшін де маңызды.

 

"АҚШ пен Ресей арасындағы геосаяси қақтығыс күшейіп Орта Азияға әсер етуі мүмкін жағдайда, еліміз өте күрделі жағдайға тап болатыны анық. Екі державаның қарсы тұруын одан әрі күшейту еліміздің маневрі үшін алаңды айтарлықтай қысқартуы мүмкін. Сондықтан тең және теңгерімді қарым-қатынас орнатуға тырысады", - деп түйіндеді сарапшы.

 

Оның айтуынша, дәстүрлі түрде бақылау шараларын күшейтуді және тараптардың стратегиялық сенімін арттыруды қолдайтын екі державаның ядролық қару саласындағы диалогындағы оң өзгерістерді де ұмытуға болмайды. Бұл тұрғыда АҚШ пен Ресей арасындағы жүйелі және сындарлы диалогтың басталуы Қазақстанның мүддесіне толық жауап береді.

 

 




Көрілген: 916    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31