Саяси сахна

Путин мен Зеленский Қазақстанда кездесе ме?

  • Путин мен Зеленский Қазақстанда кездесе ме?

    Путин мен Зеленский Қазақстанда кездесе ме?

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті шешу жолын мәлімдеді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей мен Украинаның қазіргі жағдайына байланысты өкінішін білдірді. "Негізі, бұл жақын елдер ғой. Бірақ "болар іс болды, бояуы сіңді" дейді. Осы мәселеге сыртқы күштер де, ішкі күштер де араласты. Бүгінде Ресей мен Украинаның арасы қатты ашылып кетті. Мен өзім Украинаны жақсы білемін, Ресейді одан да жақсы білемін", – деп "Astana club-тың" пленарлық мәжілісінде мәжілісінде ол мәлім етті. Сондай-ақ Елбасы Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, күні кеше ғана Владимир Путинмен сөйлескенін атап өтті. "Осы проблеманы шешу жолдарын талқыладық. Иә, бүгінде екі елдің арасы ашылып кетті. Меніңше, Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуін ұйымдастыру қажет. Мен сондай "тет-а-тет" кездесуін өткізуді талқыладым. Зеленский өз келісімін берді. Оны Путинге айттым. Енді, көреміз, бейтарап аймақ керек болса, ол кездесуді Қазақстанда өткізуге болады", – деп мәлімдеді Назарбаев. Тұңғыш Президенттің айтуынша, Зеленскийдің қатысуымен Украина мәселесін шешуге болады. Себебі, осы елдің жаңа президентін халықтың басым бөлігі қолдап отыр. Раданың құрамында да қолдаушылары көп. Сондықтанда Ресей мен Украина арасындағы жаңа келісімдерді сәтті іске асыруға болады.


Qamshy.kz




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 08:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31