Саяси сахна

Путин Навальныйды қолдау акциясы туралы пікір білдірді

  • Путин Навальныйды қолдау акциясы туралы пікір білдірді

    Путин Навальныйды қолдау акциясы туралы пікір білдірді

Ресей президенті Владимир Путин елде оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды қолдауға арналған жаппай наразылықтарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, қарсы күштер адамдардың осы уақытқа дейін жиналған ашуы мен наразылығын дәл осы сәтте Навальный арқылы пайдаланып отыр.

"Енді адамдардың наразылыққа шыққаны туралы айтайын, оның ішінде бұл айыпталушы үшін шықпағандар да бар. Иә, сіздер дұрыс айтып отырған шығарсыздар. Мәселе қайда екенін білесіздер ме? Осы фигурантты да қолданып отыр ғой. Қазір әлемнің барлық елінде, соның ішінде бізде де адамдар шаршады, ішінде ыза жиналып қалды, наразылық пайда болады, оның ішінде өмір жағдайына, табыс деңгейіне", - деді Путин ресейлік БАҚ редакторларымен кездесуде. Кадрларды "Россия 24" телеарнасы көрсетті.
 
Ол қазір "адамдардың өмірі нашарлай бастағанын" айтты. "Не айтсаң да: пандемия, пандемия емес, өмір нашар... Кім кінәлі? Басшылық. Биліктің үлесі осы, не шара... Мұны Еуропа да, басқа елдер мен Штаттар да қолданып қалуға тырысады. Бұл жағдайды қарсы күштер пайдаланып отыр. Бізде де мұндай бар. Пайдаланды да! Әрине, олар осыны көздеді", - деді Ресей президенті.


Еске салайық, тұтқындалған Навальныйды қолдау акциясы 23 қаңтарда Ресейдің түрлі қаласында өтті. Ол биліктің көптеген ескертуіне, соның ішінде COVID-19 жұқтыру қаупі туралы ескертулерге қарамастан 31-іне дейін жалғасты. Митингілерде бірнеше мың адам ұсталды. Ресей билігі бұл акцияларды "келісілмеген" деп атады.




Көрілген: 728    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.02.2021, 10:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30