Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Путин Назарбаевты алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

30 желтоқсан 2017, 21:13

Владимир Путин шет мемлекеттер мен үкімет басшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшыларын Рождество мерекесімен және алда келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтаған Ресей президенті жақында екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы атап өтілгенін және бұл айрықша мерейтойдың Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының барлық салаларында жаңа жетістіктермен сараланғанын еске салды. Путин Орталық Азия мен Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының игілігі үшін одан әрі табысты дамуынан үмітті екенін білдірді.