Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Путин Ресей шынымен соғысты аяқтағысы келетінін айтты

23 желтоқсан 2022, 11:17

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік кеңестің соңғы отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ресей Украинадағы қақтығыстың шеңберін айналдыруды емес, керісінше оны тоқтатуды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Путин шынымен соғысты аяқтағысы келетініне сендірді.

"Біздің мақсатымыз – әскери қақтығысты жалғастырмау, керісінше, осы соғысты аяқтау. Біз бұған ұмтыламыз және келеміз, әлбетте бүл үрдіс неғұрлым тезірек болса, әрине, жақсы", - деді Владимир Путин

Оның айтуынша, соғыс қимылдарының күшеюі негізсіз шығынға алып келеді.

Бұған дейін Украина басшысымен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Джо Байден Владимир Зеленскийдің Ресеймен бейбітшілік туралы диалогқа ашық екенін айтқан. Сонымен бірге ол АҚШ-тың «ержүрек украин халқының өз елін қорғау құралдарының болуын» қамтамасыз етуге ниетті екенін де атап өтті.