Саяси сахна

Путин Ресейге салынған санкцияларға қатысты пікір білдірді

  • © Sputnik / Алексей Дружинин

    © Sputnik / Алексей Дружинин

Владимир Путин Батыстың экономикалық санкцияларынан Ресей мен басқа елдерге келген шығынды салыстырды. Ол Еуроодақ елдері, АҚШ пен Жапония Ресей нарығын жоғалтқанын мәлімдеді.


"Біз ешкіммен ұрсысқан жоқпыз, ешкіммен керілдескіміз келмейді. Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, шектеулердің салдарынан Ресей 2014 жылдан бері 50 миллиард долларға жуық қаражаттан айырылды. Еуропалық одақ 240 миллиард, АҚШ 17 миллиард, Жапония 27 миллиард доллар жоғалтты. Мұның бәрі жұмыс орындарында сезіледі, олар біздің нарықты жоғалтып жатыр", - деп жауап берді Ресей басшысы.


Путин елдегі шектеулер қандай бағыттарды дамытуға мәжбүр еткенін атап өтті.


"Пайдасын да көрдік. Бізге бір нәрсе жасау керек болды, оны жасадық: экономиканың жоғары технологиялық секторларында не істеуге болатыны туралы ойландық", - деді Ресей президенті.


Ол мемлекет "ұлттық, іргелі мүдделерге" немқұрайлы қарамауы тиіс екенін атап өтті.


Путин АҚШ Ресейді экономикадағы жаһандық бәсекелесі ретінде көруді жалғастыратынын атап өтті, айтуынша, қазір мұндай саясат Қытайға қатысты да жүргізіліп жатыр.


"Қараңыздаршы, Қытай Халық Республикасының Қырым мен Донбасқа қатысы жоқ. Бізді Донбасты басып алды деп айыптап жатыр, бұл дегенің бос сөз ғой, өтірік. Қытайдың бұған еш қатысы жоқ, ал оның тауарларына қойылған тарифтерді санай беріңіз, мұнда да сол санкциялар, ұлғайып жатыр", - деп толықтырды ол.


Sputnik


 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 20:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31