Путин Зеленскиймен кездесуге келісті

13 наурыз 2022, 23:56

Бұл туралы Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлімдеді.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Ресей лидері Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін айтқан. Бұл туралы Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

"Біз лидерлердің (Ресей мен Украина – ред.) кездесуін ұйымдастыруға құлшыныс білдіріп отырмыз. Соғыс басталмай тұрып-ақ мұндай ой болды. Путин біздің президентпен телефон арқылы сөйлескен кезде кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеді... Украина жағы дайын. Беларусьте тараптар арасында техникалық келіссөздер жүргізіліп жатыр. Екінші жағынан, басқалардың да талпынысы бар, біз оны да қолдаймыз", - деді Чавушоғлы баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі 6 наурызда Ресей мен Түркия басшыларының телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған.

sputnik.kz