Саяси сахна

Путиннің бұрынғы көмекшісі Ресей аумағын «ұлғайту» қажеттігін айтты

  • Путиннің бұрынғы көмекшісі Ресей аумағын «ұлғайту» қажеттігін айтты

    Путиннің бұрынғы көмекшісі Ресей аумағын «ұлғайту» қажеттігін айтты

Болашақта Ресей өзінің аумағын ұлғайтпақ ниетте. Бұл жайында Владимир Путиннің бұрынғы көмекшісі, ұзақ жылдар бойы Кремльдің басты идеологы болып саналған Владислав Сурков өзінің «Актуальные комментарии» сайтындағы мақаласында жазды. Өз ойын ол «бұл нәрсенің жақсы, не жаман болғандығынан емес, бұл физика заңдары» деп түсіндірді.

 
Владислав Сурковтың жазуынша, термодинамиканың екінші заңы бойынша кез келген жабық жүйеде энтропия, яғни тәртіпсіздік орын алуы мүмкін.

«Басқа сөзбен айтатын болсақ, хаос ешқашан да азаймайды не кемімейді. Керісінше, ол ұлғая түседі. 21 ғасырдың басында Ресейдің билік жүйесі «әлеуметтік хаостың тасқынына» тосқауыл қойып, «тәртіп пен ұлттық ұстанымдардың» үстемдігін орната білді. Алайда, энтропия күшейе түсуде және қоғамдық өмірдің бөлшегіне айналуда», - деді Сурков. 
Путиннің экс-көмекшісінің айтуынша, тұрақтылықты сақтау үшін «әлеуметтік энтропия қалдықтарын басқа елдерге экспорттау» мұқтаждығы туындайды. «Әлеуметтік энтропия өте зиян. Ішкі жағдайда онымен алысу қиынға соғады. Сондықтан оны сыртқа шығару қажеттігі туындайды» дейді ол.

«Ғасырлар бойы Ресей мемлекеті өзінің қаһарлы, салмақты саяси ерекшелігі және өзінің аумағынан кеңейтуге ұмтылысы арқасында сақталып қалды. Ресей басқа әдістер арқылы тіршілік ету дегенді білмеген», - дейді Сурков. Оның айтуынша, Ресей қазіргі таңда да «өзінің империялық инстинкттерін» жоғалтпаған.
Сонымен қатар, Сурков тәртіпсіздікті экспорттау, яғни өзге елдерге шығару – жаңадан пайда болған нәрсе емес екенін атап өтті.

«Бөліп ал да, билей бер деген ежелгі қағида бар. Бөлу дегеніміз – тәртіпсіздікпен егіз ұғым. Өз халқыңды біріктіріп, өзгелерді бөлу арқылы сен екі жаққа да билігіңді жүргізе аласың. Ішкі шиеленісті азайтуды (Лев Гумилев бұны пассионарлық деп атаған) сыртқа экспансия жасау арқылы жүзеге асыруға болады. Ежелгі римдіктер осындай әдістерге жүгінген. Барлық империя солай жасаған», - дейді өз мақаласында бұрынғы саясаткер.
Идеологтың сөзінше, Ресей үшін өз аумағын әрдайым ұлғайтып тұру – ұстанымдардың бірі ғана емес, тарихи болмысының ажырамас бөлігі.

«Империялық технологиялар әлі күнге дейін тиімді. Бұрынғы империялар – қазіргі алпауыт елдер. Қырым консенсусы – көршілес мемлекетті тұрақсыздандыру арқылы өз қоғамыңды біріктірудің айқын мысалы. Брюссель мен Вашингтонның Мәскеуге қатысты шағымдары, әлемдегі барлық шиеленістерді Ресейдің қатысуынсыз реттеудің мүмкін болмауы біздің еліміздің әлі күнге дейін империялық инстинкттерін жоғалтпағанын көрсетеді», - деді өз мақаласында Сурков.

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 4910    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 02:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31