Qazaq Air компаниясын алғаш рет отандық маман басқарды

06 қазан 2022, 09:19

Qazaq Air басқарма төрағасы болып Еркін Әнесұлы Наурызбаев тағайындалды, - деп хабарлайды  Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін Наурызбаев бұған дейін әуекомпанияда басқарма мүшесі ретінде басқарушылық міндеттерді атқарған. Оның авиацияда 17 жылдық тәжірибесі бар.

Qazaq Air өкілдері Еркін Наурызбаев әуекомпанияны басқарған алғашқы отандық маман екенін атап өтті.

Бұрын компанияны Болгария азаматы Пламен Атанасов басқарған.

Qazaq Air - "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясы.