Саяси сахна

Рамзан Кадыров коронавирустан сақтанудың жолдарын айтты

  • Рамзан Кадыров коронавирустан сақтанудың жолдарын айтты

    Рамзан Кадыров коронавирустан сақтанудың жолдарын айтты

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров әлемде коронавирустың жылдам тарауына байланысты халықты жаппай адамдар жиналған орындарға бармай, шетелге саяхаттаудан бас тартуға шақырды. Сондай-ақ, ол мұсылман қауымға дұға етіп, денсаулығын күтуге кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Рамзан Кадыров коронавирустан сақтанудың жолдарын айтты

Фото: tass.ru

"Ең бірінші, жаппай іс-шараларға қатыспауға, адамдар көп орналасқан жерлерге бармауға және балаларды да апарудан бас тартуға шақырамын. Шетелге саяхаттамай тұрған жөн. Мұсылмандарға бес уақыт намаз оқып, денсаулығын күту бұйырылған. Әсіресе, гигена талаптарын орындап, тазалықты қадағалау керек", - деп жазды Кадыров Telegram-арнасында.

Ол республика басшылығының жағдайды бақылау үшін қажетті шараларды қолға алғанын атап өтті. Шешенстанда коронавирус анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемде қатерлі вирустан қорғанудың қандай тиімді тәсілдері бар екенін жазған болатынбыз.

Соған қоса, испаниялық дәрігерлер адамның иммундық жүйесін күшейтуге, ағзаға түрлі вирустарға төтеп беруге көмектесетін азық-түліктердің тізімін жасап шығарды.

 
 

Олардың ішінде ең пайдалысы – құрамында аллицин қосындысы және антиоксиданттық қасиеті бар Е дәруменіне бай азық-түліктер жатады.

 

 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 14:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30