Рамзан Қадыровтың жасағы Украина орманында намаз оқып жатыр деген видео тарады

25 ақпан 2022, 23:48

Әлеуметтік желіде шешен әскерлерінің Украина ормандарында намаз оқып жатқан сәттері делінген жазба тарады. Рамзан Қадыровтың қол астындағы арнайы жасақты өзі шығарып салған деген бейресми ақпараттар да жарияланып жатыр.

Күштік құрылымның сапқа тұрып, азан шақырған сәті жазылған бейнежазбаны Қадыровтың көмекшісі Дауд Умаров өз парақшасында жаиялаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеода Рамзан Қадыровтың өз дауысы анық жазылған.

"Алла қаласа, бірер сәтте сол жерде боламыз"  дейді видеода Қадіров.

Бірақ бұл жазбадағы дауыс кейін өшірілген. "Чечня сегодня" басылымы шешендердің күштік құрылымы Украина жеріне ұшып келгені туралы хабарлады. Ал видеодағылар "Росгвардияның" шешенстандық "Оңтүстік" батальоны сарбаздары екені анық көрінеді.