Саяси сахна

Рауан Кенжеханұлы: Мемлекет басшысы кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды қолдады

  • Рауан Кенжеханұлы: Мемлекет басшысы  кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды қолдады

    Рауан Кенжеханұлы: Мемлекет басшысы кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды қолдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында көтерілген мәлелерге қатысты осы кеңестің мүшесі, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі өткен кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді. Бұл саланы одан әрі жан-жақты дамыту мәселелері талқыланып нақты ұсыныстар айтылды. «Білім беру саласындағы көп мәселелер қаржыландыруға байланысты екені анық. Ең озық 10 елдің қаражаты мен біздің бюджетті салыстырғанда 10 есе алшақтық байқалады. Нақты мысалдарды Президенттің өзі келтірді және үкімет пен білім министрлігіне тапсырма берді. Болашақта осы мәселені кезең-кезеңмен орындауды тапсырды. Бұл білім саласының дамуына, мұғалімдер мен жастардың болашағына қолдау болып табылады. Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарынан орын алуына ештеңе кедергі болмауы тиіс. Әсіресе, білім беру жағынан»,– дейді Рауан Кенжеханұлы. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысы кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды да қолдағанын тілге тиек етті. «Мәселен, қашықтан оқытуға байланысты технологияларды кеңінен енгізу мәселесі қолдау тапты. Әрине, бір кеңеспен немесе бір жиынмен мәселенің бәрін шешіп тастау мүмкін емес. Ең маңыздысы бұл процесс жанданды. Мен осы саламен айналысып жүрген маман және кеңес мүшесі ретінде бүгінгі өткен жиынның шешімдерімен келісемін»,– деп түйіндеді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы. Айта кетейік, Рауан Кенжеханұлы Ұлттық кеңес отырысында балалар арасындағы суицид мәселесін көтерді. Сонымен қатар, ол Қазақстан мектептерін бір ауысымда оқу режиміне көшіру жолдарын атады. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналды. 




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31