Саяси сахна

Раушан Қажыбаева Президент телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды

  • Раушан Қажыбаева Президент телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды

    Раушан Қажыбаева Президент телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды

 Раушан Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook.com желісінде хабарлады.


"Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық "КТК" және "Қазақстан" телеарналарында жұмыс істеген", - делінген Берік Уәлидің жазбасында. Раушан Қажыбаева 1978 жылы 3 қазанда Торғай облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.

 


Tengrinews.kz




Көрілген: 822    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 00:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30