Референдум: Тоқаев дауыс берді

05 маусым 2022, 10:20

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді.  Мемлекет басшысы өз таңдауын Оқушылар сарайы ғимаратындағы учаскеде жасаған.

Республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. 

Референдумда ел тұрғындары Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

sn.kz