Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресей 2018 жылы үш мемлекетті басып алады - БАҚ

04 қаңтар 2018, 18:06

Америкалық The National Interest журналының болжамы бойынша, 2018 жылы Ресей балтық жағалауындағы үш елді - Латвия, Литва мен Эстонияны жаулап алады.

Басылымның (RAND Corporation есептеріне сүйеніп) жазуынша, бұл үш елді Мәскеу 845 мың әскермен басып алады. Осыған байланысты Балтық елдеріне партизандық соғысқа дайындала беру ұсынылды.

Қоғамдық-саяси зерттеулер орталығының директоры Владимир Евсеев The National Interest болжамымыен келісіп отыр. Оның сөзінше, Ресей үшін НАТО тарапынан ең қауіпті болып отырған осы Балтық елдері мен Калиниград эксклавы. Сондықтан Ресей күшін осы бағыттарға шоғырландырады.

Басылымның мәліметінше, мұның алдында НАТО ұйымының әскери сарапшылары бұл аймақтағы күштердің теңдігі жоқ болғандықтан Ресей Литва, Латвия мен Эстонияны бір-екі күнде басып алады деген болжам жасаған.

kaz.tengrinews.kz