Ресей әскері Украинаға Беларусь арқылы да шабуылдап жатыр

24 ақпан 2022, 13:48

Украина шекара қызметі Ресей әскері Беларусь шекарасы арқылы шабуылдап жатқанын мәлімдеді. Қактығыс Ресей-Украина және Беларусь-Украина шекараларында таңғы сағат 5-тер шамасында басталған.
Бұл туралы ведомствоның Facebook парақшасында жазылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Шабуылдар Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстарына және Қырымға жасалып жатыр. Ресей әскері артиллерияны, ауыр техниканы және атыс қаруын пайдаланған.

"Украина шекара қызметі жаудың диверсиялық-барлау топтарының жұмысын тіркеді. Шекара учаскелеріндегі жағдайға байланысты шекарашылар Украина Қарулы Күштерімен және Украина Ұлттық гвардиясымен бірлесе отырып, жауға қарсы оқ жаудырып жатыр. Шекарашылар арасындағы жарақат алғандарға қатысты ақпарат нақтыланып жатыр", — делінген хабарламада.