Ресей Еуропалық одақтан шығатынын мәлімдеді
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропалық одаққа экономиканың әлсіз салаларына қауіп төндіретін санкция жасаса, Мәскеу қарым-қатынасты үзуге дайын екенін, хабарлады РИА НОВОСТИ
 
Сергей Лавров Еуроодаққа:
 
&ndash Біз барлық жағдайға дайынбыз. Егер еуроодақ біздің экономикаға залал келтіретін болса, оның ішінде әлсіз салаларға қауіп төндіретін санкция салса, онда біз ол қадамға дайынбыз. Әлемнен оқшауланатын біз емес, бірақ кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. "Бейбітшілік қаласаң &ndash бейбітшілік, соғыс болса &ndash соғыс", деп хабарлады Лавров "Соловьев Live" YouTube-арнасында   
 
 
Еуропалық дипломат Жозеп Боррель өткен аптада Мәскеудегі сапарында осы санкция туралы сөз қозғаған-ды. Оның айтуынша, бұл мәселе 22 ақпанда ЕО СІМ басшылары кеңесінің отырысында, сосын наурызда бірлестік саммитінде қаралады.
 
Естеріңізге саламыз, Алексей Навальныйдың ісі бойынша сот шешімін, сондай-ақ оны қолдау үшін наразылыққа шыққан  қатысушыларды ұстағандарын Еуроодақ елдері сынға алған еді.