Ресей мен Украина келіссөзі: Зеленский кездесу туралы пікір білдірді

28 ақпан 2022, 01:33

Украина президенті Владимир Зеленский 27 ақпанда Украина-Беларусь шекарасында өткен Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді. Ол "кездесу нәтижесін аса сенбейтінін" атап өтті, - деп хабарлайды Кorrespondent. 

Зеленскийдің сөзінше, екіжақты келіссөз нәтижелі болатынына сенбейді, бірақ әрекет етіп көру керегін айтады. 

"Сөздің шынына келсек, сол баяғыдай: мен кездесуден нәтиже шығады деп ойламаймын, бірақ әрекет етіп көрсін. Артынан мен президент ретінде соғысты мүмкіндік болғанда тоқтатуға тырысқаныма Украинаның бірде-бір азаматының күмәні болмауы үшін", - дейді Украина басшысы. 
 
 Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей өкілдерімен Балерусьте кездеспейтінін, оның орнына кездесуді Варшавада, Братиславада, Будапештте, Ыстамбулда немесе Бакуде өткізуді ұсынған болатын. Артынша Зеленский келіссөзді Беларусьте өткізуге келісті. 

kaz.tengrinews.kz